Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Зерде» ұлттық холдингіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 13 тамыз 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін аталған лауазымды атқарған А. Анисимов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Арман Асқарұлы Абдрасилов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады.

2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті.

2013-2020 жылдары — «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ компаниялар тобының директоры.


Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай