Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зайсанда малдың жаппай қырылуы шындыққа жанаспайды - Республикалық комиссия

2021 жылдың 9 шілде 2021 11:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінде белгісіз індеттен мал қырылып жатыр деген ақпарат тағы да жариялана бастады, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғамды дүрліктірген бұл жайтты тексеру мақсатында 27-28 маусымда ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаевтың төрағалығымен, облыстың ветеринарлық қызметі, аудан әкімдігі мен мал иелерінің қатысуымен Республикалық комиссия жұмыс істеді.

Аталмыш Республикалық комиссия малдың «жұқпалы аурулардан жаппай қырылу» фактісінің жоқтығын тағы да растады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін мамыр айының ортасында Шілікті ауылында тексеру жүргізіліп, 25 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпараттарды теріске шығарған болатын. Шығыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудан мал қырылып жатыр деген ақпарат жалған және ондай дерек мүлде тіркелмеген.


Жоғары қарай