Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Zara-ның иесі әлемдегі 1000-нан аса дүкенін жаппақ

2020 жылдың 11 маусым 2020 21:12

МАДРИД. ҚазАқпарат – Zara және Bershka иесі коронавирус пандемиясына байланысты сатылым екі есеге төмендеп кеткендіктен әлем бойынша 1200-ге жуық дүкенін жабатын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Негізінен шағын және ескі дүкендер жұмысын тоқтатады. Құрамында Zara ғана емес, Bershka, Pull & Bear және Massimo Dutti бар Inditex концернінің иегері Амансио Ортега онлайн сатылымды ұлғайту туралы шешім қабылдаған.

Inditex концернінің мәлімдемесіне сәйкес, Еуропа мен Азиядағы 1000-нан 1200-ге дейін дүкендер жабылады. Қызметкерлер саны қысқармайды. Бірақ оларға онлайн-сауданы жіберу секілді басқа қызмет ұсынылады.

Inditex дүкендерінің жалпы саны 7 412-ден 6 700-ге дейін қысқарады. Сонымен қатар 450 жаңа дүкен ашылатыны хабарланды. Бірақ ритейлер қай жерде және қай брендтің ашылатынын нақтыламады.

Inditex – әлемдегі ең ірі киім ритейлерінің бірі. Ол ақпан мен 30 сәуір аралығында пандемия салдарынан шығынға батты, сатылым 44%-ға, 3,3 млрд еуроға дейін төмендеді.

Компанияның хабарлауынша, тоқсандағы нақты шығын 409 миллион еуроны құраған. Inditex дүкендерінің төрттен бір бөлігі қазірге дейін жабық болды.

Дегенмен, Inditex-тың онлайн-саудасы тоқсан ішінде 50%-ға, сәуірде жылдық есептеу бойынша 95%-ға артқан.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай