Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Заңды бұзған судьяға шараны қатаңдату керек - Президент

2020 жылдың 23 қазан 2020 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Заңды бұзған судьяға шараны қатаңдату керек. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Судьялар академиясына сұрақтар бар. Қазіргі уақытта 60 түлектің 7-еуі ғана судьялыққа барады. Бұған қоса, оларды дайындау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Олар тағлымдамада жалақының 70 пайызын алып отырады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Сот төрелігі академиясы кемшіліктерді жою бағытында жұмысты жандандыруы қажет.

«Қоғамның мемлекетке деген сеніміне жемқорлық, қылмыстық сыбайластық, біліксіздік айтарлықтай нұқсан келтіріп отыр. Мені әлі күнге дейін осындай нақты фактілер туралы көптеген хат пен өтінімдер аламын. Заңды бұзған судьяға сұранымды қатаңдату қажет деп есептеймін. Әрине, қатаң шаралар ғана жеткіліксіз. Тиісті сот әдебін де өркендету керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай