Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Зәкір Сафиуллин олимпиадалық іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды

2020 жылдың 11 наурыз 2020 23:30

АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Зәкір Сафиуллин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

63 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда өзбек боксшысы Эльнур Абдураимовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Бірінші раунд қорытындысы бойынша Сафиуллин алға шықты. Бес төрешінің төртеуі жерлесімізді жеңімпаз деп тапса, екінші раундта өзбек боксшысы есепті теңестіріп кетті. Ал шешуші үшінші раундта екі боксшы да теңдей дәрежеде жұдырықтасты. Алайда, төрешілер өзбек боксшысын жеңімпаз деп тапты.

Осылайша, З. Сафиуллин аталған турнирде Олимпиада жолдамасымен қатар күміс жүлдені де қоса жеңіп алды.

Енді, санаулы минуттардан кейін 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов және 91 келі салмақта Василий Левит «алтын» үшін рингке шығады.


Жоғары қарай