Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Юрий Пя бес адамның өмірін құтқарған донор туралы айтып берді

2020 жылдың 22 мамыр 2020 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя 5 адамның өмірін құтқарған донор туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін инсульттен қайтыс болған ер адамның ағза мүшелері 5 адамға сәтті ауыстырылғаны хабарланған еді .

«30 жастағы ер адамның ми тамырлары жарылып, Павлодар қаласының №1 ауруханасына түскен. Салдарынан миға өте көп қан құйылған және жұмысы нашарлаған. Оған дейін марқұм жоғары қан қысымымен ауырған, гипертониялық қысымы болған. Шамасы өзі ауруды елеп-ескермей жүре берген болуы керек», - деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, 2019 жылдың тамызынан бері қайтыс болған адам органдарынан трансплантация жасалмаған. Сондықтан ол марқұмның ағза мүшелерін алуға келісім берген туыстары мен жақындарына 5 адамға жаңа өмір сыйлағаны үшін алғыс айтты.

«Біздің орталықта марқұмның жүрегі мен өкпесі екі науқасқа салынды. Жүрек 35 жастағы ер адамға берілсе, өкпе - 41 жастағы әйелге жаңа өмір сыйлады. Одан бөлек, қос бүйрегі елорданың тағы бір орталығында екі науқасқа сәтті орналастырылды. Ал бауыр Алматыдағы науқасқа жіберілді. Осылайша, карантин жағдайына қарамастан, 5 адамға сәтті ота жасалды», - деді Ю. Пя.


Жоғары қарай