Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқығын қорғауда әлемде жетекші орынға ие

2020 жылдың 20 қараша 2020 18:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалардың жағдайын жақсарту бағытында едәуір ілгерілеу байқалады. Сондай-ақ еліміз бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде жетекші орынға ие. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингіде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілінің орынбасары Вероника Ващенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1994 жылы Қазақстан балаларға мейірімді қоғам құрудың құралына айналған Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Дәл сол кезде ЮНИСЕФ Қазақстанда өз кеңсесін ашқан болатын. Конвенция ратификацияланған сәттен бастап Қазақстан елдегі балалардың жағдайын жақсарту барысында едәуір ілгерілеу танытып, өңірлік және халықаралық деңгейде бала құқықтарын қорғау бойынша көшбасшыларының біріне айналды», – деп атап өтті Вероника Ващенко.

В. Ващенко Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге баса назар аударды. Бұл өте маңызды», – деді ЮНИСЕФ өкілі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі үйлестіруші және бейінді ведомство ретінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді түрде жүргізіп отыр.

«2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлық өңірде «Балалар құқықтары жөніндегі жергілікті уәкіл» қызметі енгізілді. Бұл институт өз тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталықтың аймақтарымен өзара әрекеттестігін күшейтті», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.


Жоғары қарай