Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ыстықкөлде катамаранға мінген 17 турист көлдің ортасына қарай ығып кеткен

2021 жылдың 23 маусым 2021 11:53

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ыстықкөл ауданындағы Тамчы ауылында катамаранға мінген туристер оқыс оқиғаға ұшырады, деп хабарлайды Кабар Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бес катамаранға мінген 17 адам (есімдері анықталып жатыр) желдің күшімен жағалаудан үш шақырым қашықтыққа ығып кеткен. Олар жағалауға өз бетінше жете алмаған соң көмекке жүгінген.

Оларға көмек беру үшін бір қайыққа мініп жергілікті тұрғындар жолға шыққан. Алайда олар да жете алмай, көлде қалып қойған.

Оқиға орнына Ыстықкөл төтенше жағдайлар бөлімінің үш құтқарушысы, Төтенше жағдай министрлігінің сүңгуір қызметінің үш сүңгуірі тартылды.

Олардың көмегімен 17 адам құтқарылып, 5 катамаран мен көлде қалып қойған қайық жағаға шығарылды.

Құтқарылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты.





Басты сөздер: Оқиға, Қырғызстан,
Жоғары қарай