Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ыстанбұлдағы алаңға Абайдың есімі берілді

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 18:53

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап.

«Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ диаспорасы шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы алаңдардың біріне ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының есімі берілді», делінген Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби есімі берілген еді.


Басты сөздер: Түркі елдері, Түркия, #Аbai175,
Жоғары қарай