Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

XXIV қысқы Олимпиада ойындарының бір кластері туристерге жабылады

2022 жылдың 3 қаңтар 2022 17:34

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Чжанцзякоу қаласының Чунли қаласы - XXIV қысқы Олимпиада ойындарының бір кластері 2022 жылдың 4 қаңтарынан 30 наурызына дейін туристер үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарпи меншікті тілшісі.

Чжанцзяку қаласының Мәдениет және туризм басқармасының хабарламасына сәйкес ірі халықаралық іс-шаралар мен оларға дайындық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін Чунли ауданы мен оның тау шаңғысы базалары осы жылдың 4 қаңтарынан 30 наурызына дейін туристерді қабылдамайды.

Чжанцзякоу қаласының Чунли ауданы (Хэбэй провинциясы, ҚХР) теңіз деңгейінен 800-2200 метр биікте орналасқан. Мұнда қысқы Олимпиаданың төрт жарыс алаңы - Ұлттық трамплиннен секіру орталығы, Ұлттық шаңғы орталығы, Ұлттық биатлон орталығы және Genting қар паркі салынды. Бұл спорт нысандарында трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, биатлон, фристайл, сноуборд және басқа да қысқы спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.
Авторы Руслан Сүлейменов

Басты сөздер: Олимпиада, Әлем, Қытай, Спорт,
Жоғары қарай