Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

World Dombyra Festival: Әлемнің 25 елі мен 36 қаласында қазақ күйлері төгілді

2020 жылдың 5 шілде 2020 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «QazAlliance» шетелдегі қазақстандықтар альянсы 20 маусым мен 5 шілде аралығында «World Dombyra Festival» атты жаһандық жоба өткізді. Бірінші кезеңде жергілікті жерлерде фестиваль өтсе, екінші кезеңде фестиваль қортындысы бойынша 5 шілде бейнеклип жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны Әлішер Тұрсын жетекшілік ететін «QazAlliance» шетелдегі қазақстандықтар альянсы қолға алған. Аталған жобаға «ҚазАқпарат» ХАА ақпараттық серіктес ретінде қолдау көрсетсе, Алмаз Түленов бастаған Kusto Group компаниясы демеушілік жасады.

«World Dombyra Festival» жобасына әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік - домбыра шеберлері. QazAlliance өкілдерінің айтуынша, бұл фестиваль Ұлттық домбыра күніне орайластырылған. Сол себепті «World Dombyra Festival» жобасын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты - шет елдерде Қазақстанның имиджі мен мәдениетін таныту, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен ұлттық өнерге баулу және ұлттық бірегейлігімізді дәріптеу.

Жобаның ең тамаша тосынсыйы - еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған «Димаш Байжұма» күйі болды. «World Dombyra Festival» жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан қатысушы Жанайдар Нұрсалиев осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді («Dears») ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, «QazAlliance» 2015 жылы құрылған, бүгінде әлемнің 20-дан астам елінде өкілі бар. Шетелдегі қазақстандықтардың бірқатар ірі қауымдастықтарын біріктіреді.

Олар жұмысы мен сабағынан тыс уақытта шетелде Қазақстанға пайдалы жобаларды жүзеге асырады.


Басты сөздер: Домбыра, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай