Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады

2020 жылдың 29 сәуір 2020 10:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WhatsАpp арқылы жаппай видеоқоңырау шалу енді бәріне қолжетімді болды. Жаңа өзгеріс iOs және Android-та енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

Әйгілі WhatsАpp мессенджерін жасап шығарушылар командасы қарапайым пайдаланушылар үшін видеоқоңырау шалу кезінде оған қатысушылар санын көбейтті. Соңғы уақытта бұл қызмет түрі желіде көп талқыланған.

Бұған дейін осы функция қосымшаның бета-нұсқасында тесттік режимде қолжетімді болған. Тестілеу өткен аптадан бері жүргізілген.

Енді кеңейтілген лимиті бар WhatsАpp-ты iPhone үшін App Store-дан және Android смартфондары үшін WhatsАpp сайтынан (2. 20.141 нұсқа) жүктеп алуға болады. Бұл жаңалық шыққан уақытта Google Play-де қосымшаның ескі нұсқасы ғана қолжетімді болған.

Жаңарту топтық қоңырауға бұрынғы төрт адамның орнына енді сегіз адамды қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл функцияны жасап шығарушылар осындай қоңыраулардың қорғалғанын және шифрланғанын айтады. Бұл ретте барлық қатысушылар WhatsАpp-тың cоңғы нұсқасын пайдалануы тиіс.

Жаңа нұсқадағы ІPhone пайдаланушылары үшін iOS 13 дизайнына сәйкес жаңа интерфейс құрылды, соның ішінде хабарламаларды басқарудың жаңартылған мәзірі пайда болды.


Жоғары қарай