Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

WBC Геннадий Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 09:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің Twitter парақшасында жанкүйерлерден орта салмақтағы ең мықты боксшы кім екенін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үміткерлер арасында IBF және IBO әлем чемпионы титулының иегері, қазақстандық Геннадий Головкин де бар.

«Орта салмақтағы күш королі кім?» деп сұрады кеңес өз оқырмандарынан. Сөйтіп кандидат ретінде осы салада өнер көрсетіп жүрген бірнеше боксшыны ұсынған. Олардың арасында Головкиннен басқа Томас Хирнс, Марвин Хаглер, Сауль Альварес «Канело», Карлос Монсон және Айрен Баркли бар.

WBC сондай-ақ оқырмандарынан ешкім ұнамаған жағдайда өз нұсқасын ұсынуды өтінген.


Жоғары қарай