Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

WBA және IBF титулдары үшін айқас бірінші раундта нокаутпен аяқталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 08:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кемптон-Паркте (ОАР) жергілікті боксшы Джабулани Макхенсе (9-0, 4 КО) мен Конгодан келген Эрик Капиа (22-3-2, 4 КО) айқасқан бокс кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ бірінші раундта Макхенсенің нокаутымен аяқталды. Төреші матчты 2:59-да тоқтатты.

Осылайша, Джабулани Макхенсе кәсіби мансабында оныншы жеңіске жетіп, WBA Pan African және IBF Continental Africa бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде екінші дәрежелі WBA және IBF белбеулерін жеңіп алды. Эрик Капиа кәсіби рингте төртінші рет жеңілді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай