Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Волонтерлер екі қалада 800 азық-түлік пакетін таратады

2020 жылдың 8 сәуір 2020 19:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қызыл Жарты ай халықаралық гуманитарлық қозғалысы екі қаланың әлеуметтік осал топтарын азық-түлікпен қамтамасыз етуді қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымның мәліметінше, KMF микроқаржы ұйымы мен «KMF-Демеу» қоры 800 азық-түлік пакетін сатып алуға 4 миллион теңге бөлді. 100 жиынтық Нұр –Сұлтан қаласына жөнелтіледі, ал қалған 700-і Алматыда таратылады.

Азық-түлік себеті мұқтаж отбасыларға байланыссыз әдіс арқылы жеткізіледі. Бұл әдіс алушының қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылады, әсіресе егер ол COVID-19 коронавирус ауруының қауіпті аймағына тұратын болса.Әр волонтер жеке қорғаныс құралдарымен және санитайзермен қамтамасыз етілген.

«Қызыл Жарты ай, әр алушының атынан, KMF микроқаржы ұйымына осы қиын уақытта көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіреді. Жеткізілген азық-түлік мұқтаж адамдарға үлкен қолдау болмақ. Адамгершілік пен мейірімділік - бұл адамзат үшін басты ұғым! Әсіресе қазіргі жағдайда «, – дейді Қызыл Жарты ай қозғалысының әлеуметтік көмек департаментінің директоры Дана Бакиева.

Оның айтуынша,бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 206 себет таратылды. Бұған дейін республикада 700-ден астам адамға азық-түлік пакеті жеткізілген. 68 қазақстандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Қызыл Жарты айдың облыстық филиалдары 700-ге жуық маска тігіп, халыққа таратып берді.

















Жоғары қарай