Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Волонтер болғанымның арқасында әлеуметтік кәсіпкерге айналдым – Эмин Аскеров

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 20:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «БІРГЕМІЗ: БІЛІМ жобасының» міндеті – әр аймақтағы оқушыларды ІТ саласындағы білімін жетілдіруге, ағылшын тілін үйретуге көмектесу және ҰБТ-ға дайындау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде GreenTAL əлеуметтік шеберханасының басшысы, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің волонтерлік қызметім 2012 жылы басталды. Ол кезде елордаға көшіп келгенмін және досым да, танысым да, жұмысым да болмаған кездер еді. Ұзақ уақыт жұмыс іздедім. Кейін волонтерлік жобаны қолға алдым. Біз Ақмола облысындағы Балалар үйіндегі балаларды қоғамға бейімдеу жұмыстарымен айналыстық. Оларға Балалар үйінен шыққаннан кейін өмірде керек болатын машыққа үйреттік. Мен волонтер болу арқылы өзімді таптым, мақсаттас, армандас ортамды таптым. Волонтер болудың арқасында әлеуметтік кәсіпкерге айналдым. Волонтерлік елімізде дами бастағанына өте қуаныштымын», - дейді GreenTAL əлеуметтік шеберханасының басшысы, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров.

Эмин Аскеров елордаға көшіп келмес бұрын АҚШ-та тұрған.

«АҚШ-та қоғамда орын алып жатқан жағдайларға патриоттық түрде, жанашырлықпен қарайды. Елге келген кезде біздің мемлекетте неге олай емес деген сұраққа жауап іздедім. Қазір осыған қатысты жағдай жақсы жаққа өзгерген. Биыл «БІРГЕМІЗ: БІЛІМ жобасының» амбассадоры болдым. Міндетіміз – әр аймақтағы оқушыларды ІТ саласындағы білімін жетілдіруге, ағылшын тілін үйретуге көмектесу және ҰБТ-ға дайындау. Жоба 100% жүзеге асты. Атырау облысы көшбасшы болып тұр. Пандемия басталғалы осы жобаға 1568 оқушы, 135 волонтер тартылды», - дейді ол.


Жоғары қарай