Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан алғашқы кездесуінде жеңілді

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Тиба қаласында волейболдан ерлер арасында Қазақстан құрамасының қатысуымен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайбэй және Сауд Арабиясы.

Бүгін қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайбэймен кездесіп, қарсыласына 0:3 (20:25, 22:25, 19:25) есебімен есе жіберді.

Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Құрдықтық додада 16 құрама төрт топқа бөлінген.

А тобында Жапония, Үндістан, Катар, Бахрейн, B тобында Иран, Пәкістан, Иран, Гонкон, С тобында Қытай, Австралия, Кувейт, Шри-Ланка құрамалары шеберлік байқасады.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай