Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Волейбол: Қазақстан қыздары Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан қыздар арасындағы Токио Олимпиадасына іріктеу ойындарын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық волейболшылар Иранмен кездесуінде барлық сетте жеңіске жетті. Алғашқысында олар қарсыласын 25:14 есебімен жеңсе, одан кейін 25:16 есебімен басым түсті. Соңғысында тағы да 25:14 есебімен айласын асырды. Осылайша қазақстандық волейболшылар іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Қазақстан В тобында Оңтүстік Корея, Иран және Индонезия құрамаларымен ойнайды. Енді олар 8 қаңтарда Индонезиямен шеберлік байқасса, 9 қаңтарда Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бүгін аталмыш топта Оңтүстік Корея Индонезияны 3:0 есебімен жеңді.

Аталмыш мемлекетте А тобында Таиланд, Қытайлық Тайбэй, Австралия құрамаларымен кездеседі. 11 қаңтарда жартылай финал өтсе, 12 қаңтарда финал болады. Жеңімпаз құрама Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Дүбірлі додада әлемнің әр қиырынан келген 12 құрам бақ сынайды.

Қазақстан қыздары 2008 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, онда жалпы командалық есепте тоғызыншы орын алған болатын.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Цзянмынь қаласында Токио Олимпидасына іріктеу турнирін бастайды. Олар А тобында Иран, Қытайлық Тайбэй, Қытай құрамаларымен шеберлік байқасады. Бүгінгі қарсыласы - Қытай. Одан кейін 8 қаңтарда Иран, 9 қаңтарда Қытайлық Тайбэй құрамаларымен ойнайды.

Азия құрлығы бойынша В тобында Австралия, Оңтүстік Корея, Үндістан және Катар волейболшылары жолдамаға таласады. Жартылай финал мен финал 11-12 қаңтарда өтеді. Жеңімпаз Олимпиадаға Азия құрлығынан берілген жалғыз жолдамаға ие болады.


Фото: olympic.kz


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай