Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Вокзалда заңсыз билеттер қалай сатылады

2018 жылдың 24 шілде 2018 13:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының теміржол вокзалында сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сенсек, департамент қызметкерлері мен қоғам белсенділері «Жасырын сатып алушы» іс-шарасын өткізген. Аталған шара барысында «Ақтөбе - Атырау», «Ақтөбе - Алматы» және «Ақтөбе - Астана» бағытындағы поездарда билетсіз жол жүру мен делдалдық қызмет көрсету сияқты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

«Сондай-ақ, жолсеріктер мен делдалдардың жол жүрушілерді кез-келген мекенге кедергісіз жеткізіп отыруы негізгі бағыттарда жол жүру билетінің тапшылығына алып келген. Билетсіз жол жүрудің орташа бағасы елді-мекеннің арақашықтығы мен вагон жағдайының сапасына байланысты 5000-20000 теңге аралығында белгіленіп отырған. Кей жағдайларда, аталған заң бұзушылыққа желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің де қатыстылығы көрініс тапты. Жоғарыда келтірілген фактілер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жүйелі түрде болатынын көрсетіп отыр. Аталған бағыт бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасуда. Жеке көріністер бойынша дәйектемелер шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолданады», - делінген ресми хабарламада.

Жоғары қарай