Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Владикавказдағы жойқын жарылыс: Супермаркеттің тас-талқаны шықты

2021 жылдың 12 ақпан 2021 11:34

ВЛАДИКАВКАЗ. ТАСС-ҚазАқпарат – Солтүстік Осетияда Владикавказ қаласындағы «Магнит» супермаркетінде жарылыс болып, ғимарат тұтастай қирады. Бұл туралы жұма күні Солтүстік Осетия ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Гагкаева көшесіндегі «Магнит» супермаркетінде жарылыс болды, ғимарат толығымен опырылып түсті. Себебі белгісіз», - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Өңір басшысы мен үкіметтің баспасөз қызметі журналистерге ТЖ салдарынан бір адам зардап шеккенін хабарлады. Болжам бойынша, ол супермаркеттің күзетшісі.

Сондай-ақ республиканың Денсаулық сақтау министрлігі үйінді астында адамдар болуы мүмкін екенін мәлім етті.


Автор Балнұр Қожагелді
Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай