Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вируспен күрестің жаңа жүйесі бойынша кімдер үстемеақы алады

2021 жылдың 23 шілде 2021 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жаңажүйе бойынша қандай санаттағы медцина мамандарының індетпен күрескені үшін үстемеақы алатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселені министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пысықтап жатыр. Бүгінде бұйрықтың жобасы дайындалды. Ол бұйрық жобасында үстемеақы алатын медицина мамандарының санаты көрсетілген. Бұл бұйрықтың жобасы қазір өте қызу талқыланып жатыр. Медицина ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармаларының асрасында ғана емес, «Ашық НҚА» базасында да жарияланған», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол жаңа жүйе бойынша COVID стационарларында жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің бірнеше сатысы белгіленгенін мәлім етті.

«Бұл санаттар тізбесі кеңейтілді. Олар: дәрігер-реаниматологтар, анестезиологтар, инфекционистер, анестезистер, эпидемиологтар, психологтар мен бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік жұмысшылары, Ядролық медицина орталығының қызметкерлері, паталоганатомдар. Бұл мамандарды біз тізімге өңірлердің ұсынысы бойынша енгіздік. Өзге де ұсыныстарды күтіп отырмыз. Яғни мәселе әлі талқыланып жатыр», - деді Ажар Ғинаят.


Жоғары қарай