Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Венецияның 25 проценті су астында қалды

2020 жылдың 7 маусым 2020 02:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айындағы судың күрт көтерілуінен Венецияның 25 проценті су астында қалды. Қаланың кей жерлерінде су деңгейі 116 см жеткен, деп хабарлайды AP агенттігі.

Венецияның ең әйгілі Әулие Марк алаңы да су астында қалды.

Теңізді мониторингтеу агенттігі шектен тыс судың көтерілуі Атлантикадағы теңіз дауылы әсерінен екендігін айтып отыр. Осы дауыл Италияның солтүстігінде күшті желдің тұруына және нөсер жаңбырдың жаууына да себепші болды.

La Stampa басылымының атап өтуінше, маусым айында судың күрт көтерілуі өте сирек жағдай. Соңғы 20 жылда бұл судың екінші рет тасуы.

Судың маусым айында ең жоғары көтерілуі 2002 жылы тіркелген. Онда су деңгейі 121 см жеткен.


Басты сөздер: Су тасқыны, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай