Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Василий Левит бокстан іріктеу турнирінің финалына шықты

2020 жылдың 10 наурыз 2020 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Василий Левит жергілікті боксшыны ұтып, финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Левит - ерлер арасында 91 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшыларымыздың бірі. Ол бүгін олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалында шаршы алаң қожайыны Хусейн Ишайшпен жұдырықтасып, аса тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.




Бұл - Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар арасынан олимпиадалық іріктеу турнирінің финалына шыққан екінші боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Закир Сафиуллиннің қазақ боксшылары арасында бірінші болып олимпиадалық іріктеу турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Абылайхан Жүсіпов аталған турнирдің жартылай финалында ұтылып, қола медальді қанағат тұтты.

Осымен күндізгі сессияда қазақ боксшылары жарысты аяқтады. Енді кешкі сессияда 5 боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Кешкі сессияда мына боксшылар сынға түседі:

Әйелдер

75 келі Надежда Рябец (Қазақстан) - Кэйтлин Паркер (Австралия)

Ерлер

57 келі Серік Теміржанов (Қазақстан) - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)

75 келі Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Таңатхан Тоқтарбек (Қытай)

81 келі Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Одай Альхиндави (Иордания)

+91 келі Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Хуни Әділет (Австралия).


Жоғары қарай