Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын бәсеңдетеді - қызылордалық дәрігер

2021 жылдың 13 қазан 2021 23:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын бәсеңдетеді. Бұл жөнінде облыстық перинаталдық орталығының неонатология ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, неанатолог дәрігер Жұлдыз Шоқпарова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда вирустың мутацияланған жаңа түрі «Дельта» штамының қауіпі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұл түрінің жұғу пайызы жоғары.

«Сондықтан, бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру. Әрине, екпе алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай аламыз. Қазіргі пандемия кезінде вакциналау өте маңызды. Бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді. Сондықтан аурудың алдын алу және жақындарымызды қорғау мақсатында жаппай вакцина алуымыз қажет», - деді Жұлдыз Шоқпарова.

Екпеден кейін әсері болуы мүмкін, бірақ бұл - табиғи процесс. Вакцинадан кейін сізде коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады.

«Коронавирус респираторлық жолмен жұғады. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі.. Вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады. Қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану; көп адам жиналған орындардан аулақ болу, барған жағдайда міндетті түрде бетперде тағу; салқын тию белгілері пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет», - деді Жұлдыз Шоқпарова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын сақтау үшін тоңазытқыштар алынды.

https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-pfizer-vakcinasyn-saktau-ushin-tonazytkyshtar-alyndy_a3848320


Жоғары қарай