Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцинация: Қарағанды облысының саябақтарында жылжымалы медициналық кешендер ұйымдастырылуда

2021 жылдың 27 сәуір 2021 21:56

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 94 630 адам алды. Екі компонентпен 10 873 егілді. Үкімет отырысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және егу науқанының барысы туралы премьер-министр Асқар Маминге баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, вакцинацияны мүмкіндігінше қол жетімді ету бойынша жұмыстар атқарылуда. Мамыр мерекелерінде жылжымалы медициналық кешендер ірі қалалардың саябақтарында жұмыс істейтін болады.




«Облыста 115 егу кабинеті ашылды, олардың өткізу қабілеті – күніне 8–9 мың адам. Адамдарға ыңғайлы болу үшін екпе кабинеттері төрт ірі сауда орталығында ашылып, осы аптада тағы үшеуінде пайда болады. Зейнеткерлерге үйге мобильді бригадалар келеді. Иммундау өнеркәсіп кәсіпорындарында орналасқан жерлеріне барып жүргізіледі. Мереке күндері, 1 және 9 мамыр мерекелерінде, сондай-ақ демалыс күндері халыққа вакцинация жүргізу үшін Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларының орталық және қалалық саябақтарында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейтін болады», – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысының мәліметінше, облыс стационарларында коронавирустық инфекциясы бар 1 498 науқас емделуде.





Жоғары қарай