Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина салдырғандар саны 59 пайызды құрады: Алексей Цой Мемлекет басшысына есеп берді

2021 жылдың 11 тамыз 2021 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен телефон арқылы сөйлесіп, еліміздегі коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елордада індетті жұқтырушылар саябырлап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, соңғы аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандардың саны 10 пайызға артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1 тамыздан бастап елімізде індеттің таралу индексі 1,11-ден 1,01-ге дейін азайып, 9 пайызды құрағаны жөнінде ақпарат берілді. Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралу индексі 1 бірліктен төмендегенін, Алматыда 19 пайызға азайғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда аймақтардағы 328 медицина нысанында 55 658 науқас емделіп жатыр. Республика бойынша ауруханалардағы төсек-орындардың – 54 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 45 пайызында науқастар ем қабылдауда.

Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі таңда 5,9 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынып, екпе алатын тұрғындардың 59 пайызын құраған. 4,5 миллион адамға екпенің екінші компоненті салынып, екпе салынатын тұрғындардың 45,2 пайызы қамтылған.


Жоғары қарай