Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Вакцина - індетпен күресудің басты жолы - Бақтығали Ережепов

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 15:11

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазір Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы жағдай өте күрделі. Қала «қызыл аймаққа» енді. Науқастар саны күннен күнге артып келеді. Сондықтан көпшілікті екпе салдыруға шақырамын – дейді Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

Бүгінде ауруханаға түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатыр.

Дәрігердің айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды тексеруге, емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

«Қаладағы коронавирусқа қарсы жағдай өте күрделі. Қазір Шымкент қаласы қызыл аймаққа енді. Өткен жылдың соңында күніне 14-15 науқас ем қабылдаған болса, қазір 140-150 адамға дейін вирус жұқтырып жатыр. Сондықтан аурудың тарауының алдын алу үшін вакцина салдыру қажет. Ал, вакцина алғандарды ревакцинация алуға шақырамын» - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, Бақтығали Ережепов қала тұрғындары карантин талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.

«Кешегі күні Шымкент қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, Аshyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейінгі ас беруді қоспағанда, ашық ауада, жабық үй жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын, көпшілік іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады. Сондай-ақ, салтанатты ас беру, отбасылық іс-шараларды өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер мен марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге болмайды. Біз бас санитар дәрігердің қаулыдағы көрсеткен ережерелін қатаң сақтауымыз қажет» - дейді дәрігер.


Жоғары қарай