Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина алғандар COVID-19 науқасымен байланыста болса да, үй карантиніне жіберілмейді

2021 жылдың 16 маусым 2021 19:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандарға қандай басымдық берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен 3 мамырдан бастап КВИ-ге қарсы вакцинаның толық курсын алған адамдар үшін бірқатар шектеулерді алып тастау көзделген. Бұл ретте COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдар оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі. Кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР аумағында алынған COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы болса, азаматтардың ПТР тестілеусіз ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне, стационарға емдеуге жатқызудың кез келген түрінде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахталық жұмыскерлерге, демалыстан, іссапардан кейін, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаудан кейін медицина қызметкерлеріне, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттеріне рұқсат етіледі.

«ҚР Бас мемлкеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны құжатпен расталса, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар оқшаулауға (үй карантинге) жатпайды», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Жоғары қарай