Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина алған қазақстандықтар Таиландқа міндетті карантинсіз сапарлай алады

2021 жылдың 5 қазан 2021 16:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцина алған қазақстандық туристер Таиландқа міндетті карантинсіз кіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Таиланд туристік басқармасының Қазақстандағы өкілдігі мәлім етті.

Қазақстандық туристер Таиландқа карантиндік шектеусіз бара алады

«Қазақстан резиденттеріне ұшып келген кезде виза алуға болатын елдердің тізіміне енді. 1 қазаннан бастап вакцинацияланған қазақстандықтар Таиланд Корольдігіне міндетті карантиннен өтпей-ақ қайта бара алады. Қазіргі уақытта қазақстандықтарға қолжетімді Sputnik V вакцинасын Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі сертификаттаған. Қазақстандықтар туристік визаны ұшып келгеннен кейін ресімдей алады. Визаның мерзімі– 15 күнге дейін», - деп жазады Мәскеулік кеңсенің Қазқастандағы өкілдігі.

Таиланд тарабы ұсынып отырған туристік бағдарламалар: бойынша, туристер патшалыққа ұшуға дейін кемінде 14 күн бұрын вакцинаның толық дозасын алуы керек.

Таиланд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac, Astra Zeneca, Janssen, Pfizer, Moderna, Vero Cell, Covisheld, Sputnik V вакциналарын сертификаттаған.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Туризм, Вакцина,
Жоғары қарай