Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

VADA Головкин мен Деревянченконың допинг-тест қорытындысын жариялады

2019 жылдың 25 қазан 2019 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченкодан (13-2, 10КО) айқасқа дейін және одан кейін алынған допинг-тесттердің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, VADA Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченкоға «Адал бокс» бағдарламасы аясында допинг-тесттен өтуге ұсыныс білдірген.

«Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконы құттықтағымыз келеді. Олар ерікті допинг-тестілеу бағдарламасынан сәтті өтті», - деп жазды VADA Twitter-де.

Еске сала кетсек, 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Жоғары қарай