Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вьетнамда «биіктіктегі орман» атты 333 метрлік ғимарат тұрғызылмақ

2017 жылдың 15 қараша 2017 22:02

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамдық Хошиминде қасбетінде тропикалық өсімдіктер мен ағаштар өсіруге арнайы орын бөлінетін зәулім ғимарат - Empire City салу жоспарланып отыр.

Өзгеше жобаны Ole Scheeren архитектуралық бюросы дайындаған. Жоба бойынша, ғимараттың биіктігі 333 метр болмақ. Ол Вьетнамдағы ең биік нысан атанғалы отыр, деп хабарлайды Inhabitat.

Empire City қасбетінің әр қабатындағы ағаштардың болуына орай бұл жобаны «биіктіктегі орман» деп атауда.

Жоба бойынша, ғимараттың жоғары қабатында қонақүй, сауда нүктелері және офистер орналаспақ. Әзірге құрылыстың қашан басталатындығы айтылмай отыр.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай