Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алу күдігіне ілікті

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызметін пайдаланып, пайдаға кенелмек болған Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алды деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу күдігіне ілінді», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Агенттік өкілі сол секілді Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуге тартылғанын мәлім етті.

«Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша қасақана әділетсіз үкім шығару күдігіне ілінді. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», - деді ол.


Жоғары қарай