Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұшақтың құлау себептерін бас мемлекеттік еңбек инспекторы анықтап жатыр

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 18:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында ұшақтың құлау себептерін бас мемлекеттік еңбек инспекторы нақтылап жатыр. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев апат орнында жұмыс істеп жатыр және әуе апаттың мән-жайы мен себептерін анықтауда» делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Жоғары қарай