Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұшақта темекі тартқан қазақстандық 150 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұшақ бортында темекі тартқан қазақстандық 150 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе қаласы әуежайында полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері 19 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Жас жігіт «Алматы-Ақтөбе» бағдарындағы әуе рейсінде темекі тартқан. Сонымен қатар ол ұшақтағы талаптарды сақтамаған, яғни ұшақ командирі мен экипаж мүшелерінің нұсқауларын орындамай, балағат сөз айтқан. Осы арқылы ол қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген департамент мәліметінде.

Ұшақтағы тәртіпті бұзған жігітке қатысты әкімшілік үш хаттама толтырылды. Осы орайда әуе кемесі бортында темекі тарту, ұшақтағы тәртіпті бұзу және ұсақ бұзақылық айыптары тағылып, 53 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал сотқа жіберілді.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай