Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұшақ пен пойыз жолаушылары арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары болған жоқ - Есмағамбетова

2020 жылдың 4 шілде 2020 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде ұшақ пен пойыз жолаушылары арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары болған жоқ. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні темір жол көлігімен немесе әуе рейстерімен қатынаған жолаушылардың арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол пойыз және ұшақ жолаушылары арасында вирус жұқтырып алмауға қандай орган бақылау жүргізетіндігін айтып берді.

«Бізде Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің аумақтық департаменттері бар. Олар барлық әуе тасымалдаушылардың қызметіне бақылау жасап, мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асырады. Бұл шаралардың барлығы регламенттелген. Бұл процеске қатысушылардың барлығы аталған регламентті біледі», - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Жоғары қарай