Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұшақ апаты: Президент шұғыл кеңесте қандай тапсырма берді

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты шұғыл кеңес барысында бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте 28 желтоқсанның жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл елімізде мемлекеттік туды түсіру және ойын-сауық шараларын тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Мұнан бөлек, қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге; «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға; қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына әкеліп соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

Жоғары қарай