Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үш өңірде күн бұзылады

2019 жылдың 31 шілде 2019 18:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 36 градус аптап ыстық болады.

Осы күні Көкшетау қаласында күннің екінші жартысында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен күшті жел соғып, жел жылдамдығы 15 м/с дейін күшейеді.

31 шілде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде 38 градус аптап ыстық болады.

1 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Түнде жел екпіні - 15-20 м/с, 23 м/с болады. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Жоғары қарай