Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үш күн іздеуде болған ақтөбелік жасөспірім құрбысының үйінен табылды

2020 жылдың 25 қараша 2020 19:14

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде үш күн хабарсыз кеткен 14 жастағы жасөспірім қыз құрбысының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны 14 жастағы қызының түнде үйінен шығып, қайта оралмағанын хабарлады. Ол арада үш өткеннен кейін ғана құқық қорғаушылардың көмегіне жүгінген.

«Жоғалған жасөспірімді іздеуге учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Екі сағаттан соң полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты. Ол үш күн бойы Сазды ауылындағы құрбысының үйінде болған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. ы белгілі болды.

Жыл басынан бері Ақтөбе полициясына 45 адамның жоғалғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы көп ұазамай табылды.

«Баланы бақылауда ұстау керек. Назардан тыс қалса, қайғылы оқиғаға тап болуы мүмкін. Көбіне ата-аналардың жауапсыздығынан жасөспірімдер хабарсыз кетеді», - деді полиция қызметі.


Жоғары қарай