Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Ұры жымқырған аю терісін оның иесіне қайта сатпақшы болған

2020 жылдың 11 наурыз 2020 18:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері ұрланған аю терісін заңды иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында полицейлер өткен жылы Талғар қаласында орын алған ұрлықты ашты. 2019 жылдың желтоқсан айында Талғар қаласының 34 жастағы тұрғынының жеке секторынан белгісіз тұлғалар электросамокат, велосипед, электродрель, аюдың басы бар терісі мен өзге де мүлкін қолды қылған. Аталған заттардың барлығы көлемді соманы құрады. Зардап шегуші барлық қолды болған заттардың ішінен үш жыл бұрын Ресейден сатып алынған бас тұлыбы бар аю терісінің ерекше құнды болғанын жеткізді. Алайда, полицияға орын алған ұрлық туралы шағым жасамаған.

Ол наурыз айында сайттардың бірінен аю терісін сату туралы хабарландыруды көріп, бұл туралы полицияға арызданды. Іздеу шараларына шұғыл кіріскен жер гілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары теріні тәркілеп, оны заңды иесі танығаннан кейін қайтарып берді. Сатқан 28 жастағы жергілікті тұрғын, бұл теріні оған әйелінің ағасы сыйға тартқанын айтқан.

Еңбекшіқазақ ауданында тұратын 16 жастағы жасөспірім ұсталған соң, ұрлық жасағанын мойындады. Ол 2019 жылдың желтоқсан айының соңында ұрланған заттарды сатып, ақшаны толығымен жұмсап, ал аю терісін туысына сыйға тартқан.

Ұрлық дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР ҚПК 144-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған күдікті азамат сотқа дейінгі тергеу кезінде заңды өкілінің қарауына берілді.
Жоғары қарай