Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Урбанистика басқармасы алматылықтарға халық санағы бойынша үндеу жасады

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 18:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халық санағы азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін маңызды. Бұл туралы Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, БҰҰ-ның халық санағын және тұрғын үй қорын жүргізу жөніндегі Еуропалық статистиктер конференциясының ұсынымдарына сәйкес «Халық санағы» ел аумағында және оның ең аз географиялық бірліктерінде тұратын халық санын, бүкіл халықтың әлеуметтік және демографиялық сипаттамаларын теру жөніндегі ақпаратпен қатар, тұрақты уақыт аралықтары арқылы ресми есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін іс-шара ретінде айқындалады.

«COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде 2020 жылға жоспарланған кезекті ұлттық халық санағын өткізу 2021 жылға ауыстырылды. ҚР Статистика агенттігі халықтың алдыңғы санақтарының, әлеуметтік-демографиялық зерттеулердің қолда бар материалдарын жинады және зерттеді, демограф ғалымдар мен басқа да мамандардың ұсыныстары мен ескертулерін, осындай іс-шараларды өткізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсынымдары мен тәжірибесін ескерді», - дейді ол.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан санақ ең сенімді ақпарат көзі. Себебі ол азаматтардың жеке сауалнамаларына негізделген.

«Бұл деректер 10 жылдағы халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістердің көрсеткіші екені белгілі. Оған жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерлер бойынша және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, діни сенімі, білім деңгейі, тілдерді білуі, үй шаруашылықтарының саны мен мөлшері, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер кіреді», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Қорытындылай келе, ол халық санағы – бұл Қазақстанның Ұлттық статистика жүйесінің құрамдас және ажырамас бөлігі, халық пен оның тұрғын үй жағдайлары туралы деректердің негізгі көзі екенін еске салды.

«Санақ нәтижелері үй шаруашылық жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет»,- дейді спикер.

А. Ахмеджанов Алматы тұрғындарын халық санағын кейінге қалдырмауға және онлайн өтуге шақырды.

Айта кетсек, Урбанистика басқармасында, сондай-ақ «Алматы Бас жоспары» ҒЗИ қызметкерлерінің 100%-ы жаңа форматта санақтан өтті.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Халық санағы,
Жоғары қарай