Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Университеттердің қабылдау комиссиясы абитуриенттерге онлайн кеңес бере бастады

2020 жылдың 16 шілде 2020 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары онлайн форматта кеңес бере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Еліміз бойынша карантиннің ұзартылуына байланысты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерге онлайн кеңес бере бастады. Кеңес өткізу орны (платформасы) мен уақытын университеттердің әлеуметтік желідегі аккаунтарынан білуге болады» деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау 25 шілдеге дейін созылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz электронды үкімет порталында құжат тапсыруы қажет.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920