Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістанда су тасқынынан 91 адам қайтыс болды

2020 жылдың 23 шілде 2020 17:00

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатының 33 ауданының 25-інде тұратын 2,7 млн-ға жуық адам алапат су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today басылымына сілтеме жасап.

UNESCO-ның әлемдік мұралар тізіміне енетін Казиранга ұлттық паркінде тасқыннан 123 12 мүйізтұмсық, 93 бұғы, 4 жабайы енеке (буйвол) және басқалары мерт болды.

Бірнеше күн бұрын басталып, әлі тоқтаған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр.

Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті. Су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр.

Сумен қамту орталық комиссиясының қызметкері Сарат Чандра Калита India Today телеарнасына берген сұхбатында Гувахати қаласындағы Брахмапутра өзенінің деңгейі 19 шілде күні көтеріле бастағанын мәлімдеді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 2 548 ауыл су астында қалды. Құтқару топтары Үндістанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарынан 78 317 адамды эвакуациялады.

Дереккөздерге сәйкес, қазіргі уақытта ұлттық Казиранг паркінің 92 пайызы су астында қалған.


Басты сөздер: Әлем, Су тасқыны,
Жоғары қарай