Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үндістанда нөсер жауын жауып, ондаған адам мерт болды, мыңдаған ауыл су астында қалды

2020 жылдың 16 шілде 2020 08:28

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысында қатты нөсер жауынның салдарынан болған су тасқынынан 50 адам мерт болып, екі миллионнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Нөсер жауыннан Ассам штатында мыңдаған ауылды су басты. Үй-күйсіз қалған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жүздеген лагерь ашылды. Штат билігі 60 000-нан астам адамды уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін 20 ауданда 480 көмек лагерін ұйымдастырды. Штаттың кейбір бөліктеріндегі жолдарды, үйлер мен ғимараттарды толығымен су басқан.

Аймақтағы муссон маусымындағы жауын-шашын – әдеттегі құбылыс. Мысалы, өткен жылы табиғи апат салдарынан штаттың миллиондаған тұрғындары, сондай-ақ олардың Непал мен Бангладештегі көршілері зардап шекті.

2019 жылы Үндістанның Ассам және Бихара штаттарында муссон маусымында су тасқыны салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты. Бірақ биылғы жылы, Үндістан апаттан басқа аса қауіпті жаумен арпалысуда. Атап айтсақ мұнда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбеюде.

Бүгінде Үндістанда 936 181 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл індеттен елде 24 309 адам көз жұмды.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай