Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

2020 жылдың 9 тамыз 2020 13:27

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні «Сварна палас» үнді қонақ үйінде болған өрттен жеті адам көз жұмып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл қонақ үй коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған карантиндік және емдеу мекемесі ретінде пайдалануға берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, өрт Андхра-Прадеш штатының Виджайваде қаласында болған.

«Өрт салдарынан жеті адам қаза тауып, 15-20-сы зардап шекті. Олар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Екі-үшеуінің жағдайы аса ауыр», - деді жергілікті полиция қызметкері.

NDTV телеарнасының мәліметінше, өрт науқастар арасында дүрбелең тудырған, олардың кейбіреулері ғимараттан секіріп кеткен. Мекемеде барлығы 22 науқас ем қабылдап жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай