Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістанда қайғылы апаттан 14 адам қайтыс болды

2020 жылдың 20 қараша 2020 20:22

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Солтүстік Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып салдарынан 14 адам, оның ішінде 6 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times газетіне сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, жол апаты Лакхнау астанасынан шамамен 170 шақырым (105 миль) жерде Пратапгарх қаласында болған. Бейсенбі күні кешке жол талғамайтын көлік Прайаграж - Лакхнау тас жолында тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Аудандық полицияның мәліметінше, көліктегілер көрші ауылдағы үйлену тойынан қайтып келе жатқан.

Жол талғамайтын көліктегі жолаушылардың бәрі көз жұмған. Қайтыс болған балалар 7 мен 15 жас аралығында болды», - деп толықтырды ведомствода.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай