Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістанда ауруханада болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті

2020 жылдың 6 тамыз 2020 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Гуджарат штатының батысындағы Ахмедабад қаласының ауруханасында өрт болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің тұтануына желдету жүйесіндегі келеңсіздік себеп болған. Қызыл жалын жарты сағатта сөндірілді. Тілсіз жаумен ондаған құтқарушы мен 15 арнайы техника күресті. Қалған науқастар уақытша басқа ауруханаларға көшірілді.

Үндістан премьер-министрі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, өрттен зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тіледі.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай