Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістанда алапат су тасқынынан жүздеген адам мерт болды

2021 жылдың 25 шілде 2021 07:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның батысында құтқарушылар Гоа және Махараштра штаттарында болған алапат су тасқыны салдарынан тірі қалғандарды іздестіру мақсатында құлаған ғимараттардың орнын тексеріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Махараштра штатында табиғат апаты салдарынан 136 адам мерт болды. Билік өкілдері қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Су басқан аудандардан ондаған адам эвакуацияланды. Туристер арасында танымал Гоа штатында үйлерді су басып, мыңдаған ғимаратқа зақым келді. Мумбай аумағында ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанда нөсер жауын, маусым мен қыркүйек аралығында жылда жауады. Алайда мұндай жағдай Гоа штатында көптен бері болмаған.

Вишваджит Рейн штатының Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, мұндай көлемдегі жауын Гоада 50 жылдан бері болмаған.

«Тұрғындар қолда барының бәрінен айырылды»,-деп бейнеледі ол штатағы жағдайды.

Мумбай қаласы маңындағы Талийе ауылында сел жүрген соң тек екі бетон үй ғана қалып, ондаған үй 1 минутта бұзылып, жоқ болды, деп хабарлайды Франс Пресс куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап. Оқиғаның салдарынан 40-тан астам адам мерт болды.


Жоғары қарай