Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Үндістан мен Бангладеште сұрапыл тайфуннан 2,5 млн адам эвакуацияланған

2020 жылдың 21 мамыр 2020 07:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістан мен Бангладеш жағалаулары «Ампхан» атты тайфуннан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Жел екпіні сағатына 190 шақырымға жеткен. Үндістанның Батыс Бенгалия штатында құлаған ағаштың астында қалған екі әйел қаза тапты. Ал Бангладеште бір адам апат құрбаны болды. Үндістан жағалауларында тұратын 450 мың адам, ал Бангладеште екі миллионнан астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Екі елде де эвакуация кезінде қауіпсіздік талаптары сақталды. Кей тұрғындар коронавирус жұқтырудан қорқып, уақытша баспанадан бас тартқан.

Халықаралық Қызыл жарты ай қоғамының Бангладештегі бөлімінің жетекшісі Азмат Улла мұндай кезде эвакуация үлкен проблема екенін айтады.

«Ол үшін біз жергілікті билікпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істедік. Олар бізге бірнеше ғимарат тауып берді. Әлеуметтік арақашықты сақтау үшін бұл маңызды. Біз оны сақтауға бар күш-жігерімізді салдық. Біздің басты міндетіміз – адамдардың өмірін аман алып қалу», - дейді ол.

Қайырымдылық ұйымдары миллиондаған рохинджа босқындарының жағдайына алаңдаулы. Өйткені олар тұратын жерден коронавирус инфекциясы табылған.

Үндістан мен Бангладеште соңғы 20 жылдағы ең сұрапыл тайфун Батыс Бенгалия штатының астанасы Калькуттаға жетіп, желден ағаштар мен бағандар құлаған. Қалада жарық сөніп қалды.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай