Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлытауда өткен онлайн фестивальде туристер қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты

2021 жылдың 4 мамыр 2021 17:55

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Терісаққан ауылында онлайн режимінде дәстүрлі Kokmaisa fest – 2021 этнофестивалі өтті. Биыл ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр көктемде Терісаққан ауылында «Ұлытау» қорық-музейінің қызметкерлері этнофестиваль өткізеді.

Ауыл тұрғындары үшін әр көктем - үлкен мереке. Этнофестиваль тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал.

«Биыл оған АҚШ, Франция, Бахрейн әмірлігі, Польша, Украина, Ресей, Орта Азия елдерінен туристер, сондай-ақ ЮНЕСКО, National Geographic, Discovering Kazakhstan, «Тұран – ТВ» және ресейлік «Охота и рыбалка» телекомпаниясының өкілдері қатысты» деп хабарлады Ұлытау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Kokmaisa fest көрмесінде «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымызмұрындық» сияқты әдет-ғұрыптар көрсетілді.

Әр үйдің ауласында әртүрлі ұлттық тағамдар мен деликатес бар дастархан жайылды.

Этнофестиваль – шетелдіктерді қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерімен таныстырудың жақсы мүмкіндігі.







Жоғары қарай