Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлытау облысының аумағына 3 қала мен екі аудан кіреді

2022 жылдың 15 сәуір 2022 11:16

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы 188 936,61 км2 құрады.

Жаңа өңірге облыстық маңызы бар үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ екі аудан Жаңаарқа және Ұлытау кіреді.

Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды жеті аудан кіреді. Оның аумағы 239 046,35 км2 құрады.

Жүргізіліп жатқан қайта құрулар бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізіліп, схемалық карта жобалары әзірленді.

«Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері де ескерілді», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жиында.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын.



Жоғары қарай